Елорда күні қарсаңында 30 жұптың некесі қиылды

Фотография - Елорда күні қарсаңында 30 жұптың некесі қиылды

Жас жұбайлар паркте жиналып, осы алаңда некелерін қию туралы куәліктерді табыстадық

183 0

Астанада Елорданың туған күні қарсаңында "Атамекен" кешенінде 30 жұптың салтанатты неке қию рәсімі өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

– Үйлену тойын ерекше форматта өткізудің керемет мүмкіндігі. Жас жұбайлар паркте жиналып, осы алаңда некелерін қию туралы куәліктерді табыстадық. Қалыңдықтарға гүл шоқтарын тарту еттік. Ресми неке қию салтанаты осылай өтті, содан кейін "Думан" қонақ үй кешенінде сыйлықтар ұтысы, торт кесу, вальс және басқа да көп қызықтар болады, – дейді Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Рыскүл Қауғабаева.

Қос жүректің жанында күйеу жігіттер мен қалыңдықтар ант берді. Салтанатты шарадан кейін жастар ең биік тутұғырына көтерілді. Бәрі де суретке және бейнеге түсіріліді.

– Мерекеге жаңбыр да кедергі болған жоқ, – дейді жас жұбайлар Бауыржан мен Сымбат Сұрапбай. – Бұл тағдыр шығар, үйлену тойын осы күні өткіземіз деп ойламаған едік. Бәрі де керемет. Үш жыл бойы кездесіп, биыл үйленуге шешім қабылдадық.

Жастарды танымал тележүргізуші Айгүл Мукей және актер, музыкант, продюсер Әнуар Нұрпейісов құттықтады.

Ерлі-зайыпты атанған жастар аспанға шар ұшырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!