Алматыда Елорданың туған күніне орай бірқатар нысандар ашылды

Фотография - Алматыда Елорданың туған күніне орай бірқатар нысандар ашылды

Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған балабақшаның жалпы көлемі – 1,6 мың шаршы метр.

434 0

Алматыда еліміздің жүрегіне айналған Астана қаласының туған күніне орай балабақша мен әлемдік брендтегі қонақ үй пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған балабақшаның жалпы көлемі – 1,6 мың шаршы метр.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполис басшысы бұл істің әлеуметтік маңызын атап өтті. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағында ашылған балабақша алғашқы кезде 180 балдырғанды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі жаңа мекемеде 45 адам жұмыспен қамтылмақ, мұнда 25 педагог сәбилерге үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.

Балабақшаға ақы төлеу де ерекше. Яғни, "Балапан" бағдарламасының арқасында әр сәбиге кететін шығынның бір бөлігін мемлекет төлейді.

Дәл осы күні қала басшысы көлемі 15 мың шаршы метр болатын, 190 нөмірі бар әлемдік брендтегі 4 жұлдызды "Shera Park Inn" қонақ үйінің ашылуына да қатысты. Нысан Медеу ауданында орналасқан. Әкім мұндай қонақүйлердің қажет әрі маңызды екенін айтты. Қонақ үйдің ашылуы тұрақты 80 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Мұндай мейманханалардың көп салынуы қонақ үй бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, "Универсиада - 2017" сынды халықаралық жарыстар кезінде қаланың беделін көтереді. Қонақүй құрылысында отандық кәсіпорындардың материалдары кеңінен пайдаланылды.

Қалада шағын және орта бизнестің үлесі артып жатыр. Алматыда барлығы 185 000 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Онда 580 000-нан астам адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ 4,2 трлн теңгенің өнімін шығарды, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 21,1%-ды құрады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!