Елорда күніне орай үш метрлік торт әзірленді

Фотография - Елорда күніне орай үш метрлік торт әзірленді

Шараға 3 шілдеде өткен кондитерлер семинарына қатысқан аспазшылар мен қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

108 0

Бүгін қала Елорда күніне орай танымал кондитер Ренат Агзамов әзірлеген мерекелік торт көпшілікке ұсынылды. Мемлекеттік тудың түсіндей көгілдір биіктігі үш метрлік торттың үстіне қыран мен күн қойылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараға 3 шілдеде өткен кондитерлер семинарына қатысқан аспазшылар мен қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

- Астана тұрғындарын қаланың 18 жылдығымен құттықтаймын. Осындай қысқа уақыттың ішінде халықаралық деңгейдегі қала бой көтерді. Қала өте таза. Тіпті кейбір еуропалық қалалардан да артық. Астана қаласының басшылығы мен тұрғындарына рахмет, баршаға жақсылық пен игілік тілеймін, - деді Ренат Агзамов.

Шара соңында торттың бір бөлігі Астана қаласының балалар үйлері мен коррекциялық мектептеріне жеткізілді. Сонымен қатар, жинал қауым шағын концерттік бағдарлама тамашалап, түрлі конкурстарға қатысты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!