Астанада Triathlon Park ашылды

Фотография - Астанада Triathlon Park ашылды

Парк аумағы 45 гектар.

362 0

Астана әкімі Әсет Исекешев пен BI Group басшысы Айдын Рахымбаев бірегей спорт нысаны ­- Astana Triathlon Park-тің ашылуына қатысты, деп жазады Today.kz. Ашық аспан астындағы кешен қала тұрғындарына Астананың 18 жылдығына арналған сый.

Нысанның ашылу салтанаты құрметіне арналған символикалық веложарысты Астана әкімі бастады. Ал кейін ол паркті аралап, Street Workout алаңын тамашалады.

Фото - Сурет: BI Group PR-қызметіФото - Сурет: BI Group PR-қызметіФото - Сурет: BI Group PR-қызметіФото - Сурет: BI Group PR-қызметіФото - Сурет: BI Group PR-қызметі

Бірегей спорт нысаны 45 гектар аумақта ашық аспан астында салынған, мұнда триатлонмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Қала тұрғындары мен қонақтары осы жерге келіп, жүгіруіне, велосипед тебуіне және жүзулеріне болады. Парк аумағында жүгіру мен триатлонға арналған екі біріккен секция ашылады деп жоспарлануда.

Спортқа ең жақын қазақстандық шенеунік, бұрынғы қаржы министрі, Қазақстан даму банкінің жетекшісі Болат Жәмішев жүгіруді жақсы көретін барлық адамдар атынан компанияға осындай сый үшін алғыс білдірді.

"Компания басшылығына спорттан өзі ғана ләззәт алу аз, өзгелер де рахаттанғанын қалайды",- дейді Жәмішев.

Сонымен бірге, Әсет Исекешев мұнда балалар алаңын, тенис корттары мен жеңіл атлетика манежын қосып, толықтыруды ұсынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!