ҚР-да 2015 жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды

Фотография - ҚР-да 2015 жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды

Бас прокуратураға тікелей шағым түсірген және өткен жылы бізде инвестициялар және даму министрлігінде әлі комитет бар болатын.

187 0

Қазақстанда өткен жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды деп мәлімдеді бейсенбіде әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департамент директоры Абзал Естаев.

"Өткен жылы бізге мәлімет берілді, шамамен 7 сайт авторлардың өтініштері бойынша жабылды. Олар Бас прокуратураға тікелей шағым түсірген және өткен жылы бізде инвестициялар және даму министрлігінде әлі комитет бар болатын, ал қазір бұл жаңа ақпарат және коммуникация министрлігі", — деді Естаев журналистерге.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта авторлық құқықты бұзған сайттар саны өзгермеген. "Алайда жартыжылдық қорытындысы бойынша көрсеткіш басқа болуы мүмкін, осының бәрі көптеген авторлар олардың құқықтары бұзылып жатқанын білмейтініне байланысты болып отыр", — деп қосты әділет министрлігінің өкілі.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 4 жылда  авторлық құқық бойынша төлем соммасы 2 еседен астам өскен.

"Қоғамда авторлық құқықты және өзге де құқық иелерін қорғаудың өзектілігіне авторлық құқықты тіркеудің өсімі дәлел, мысалы 2014 жылы шамамен 2400 авторлық құқық, 2015 жылы — 2,5 мың авторлық құқық тіркелген. Соңғы 4 жылда  авторлық құқық бойынша төлем соммасы 2 еседен астам өскен: егер 2011 жылы сыйақы мөлшері 267 миллион теңгені құраса, 2015 жылы—800 миллионға жуық болды", — деді Естаев "Авторлық және сабақтас құқықтарды күзету және қорғау" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!