Бес жылда Жұмыспен қамту орталығымен 16 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды

Фотография - Бес жылда Жұмыспен қамту орталығымен 16 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды

Сонымен қатар, 35 мыңға жуық елордалыққа жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетілді.

261 0

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бес жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы аз ғана уақыттың ішінде Орталық арқылы 16 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, 35 мыңға жуық елордалыққа жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетілді. Орталық инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шарушылықты дамыту арқылы қала тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді. 

Білім беру, спорт-мәдени, сауықтыру және медициналық мекемелерді күрделі және ағымдық жөндеу, сонымен қатар, қала көшелері жолдарын салу және жөндеу мақсатында жұмыс орындары құрылды. Жалпы алғанда, осы жобалар шеңберінде 1 200 астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Мұнымен қоса, Орталық шәкіртақы төлей отырып, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың ақысыз курстарына жолдама береді. Бес жылдың ішінде осы курстарға 9,5 мыңнан астам адам, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 600 астам, ал жастар практикасына 3700 артық адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 10 мыңнан астам адам тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!