Биыл Астанада 601 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі

Фотография - Биыл Астанада 601 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі

Жобаның бірінші кезеңінде үш жылдың ішінде 13 тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 234 мың шаршы м. 28 тұрғын үй тапсырылды.

132 0

Бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның орындалу барысымен танысты. Қала басшысы жаңа тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген жер учаскелерін аралады, ескі және апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жыл соңына дейін баспаналы болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың бір бөлігін қалпына келтірудің пилоттық жобасымен тұрғын үйлер салу, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және қаладағы "ескі орамдарды" қалпына келтіру қарастырылған. Осылайша, елорда тұрғындары ақысыз негізде жаңа пәтерлерге (ауданы ескі үйдің ауданымен бірдей) ие болады, қала абаттандырылып жатыр, бұл ретте инвестициялар қаражаттың қайтарымдылығы қағидатымен жеке инвестордан тартылатындықтан жаңа тұрғын үйдің құрылысына бюджет қаржысы жұмсалмайды.

"Жоба жақсы. Енді нысандарды тапсыруды созбай, барлық мерзімдер мен кестелерді сақтау керек. Көшіп келетін отбасылар үшін инфрақұрылымның болуын қарастыру қажет, пайдалануға берілетін баспаналарда міндетті түрде балабақшалар мен спорт алаңдары болуы тиіс" - деді Әсет Исекешев.

Жобаның бірінші кезеңінде үш жылдың ішінде 13 тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 234 мың шаршы м. 28 тұрғын үй тапсырылды. Аталған жоба аясында ескі және апатты жағдайдағы 1476 тұрғын үйде тұрып жатқан отбасылар жаңа баспанаға ие болды.

Жоба жүзеге асырылған жылдары Астанада 90 ескі үй бұзылды, жыл соңына дейін тағы да 27 үй бұзылады. Биыл 601 отбасы баспаналы болады. 2017 жылы 111 бұзылған ескі үйде тұрған 1872 отбасы ақысыз негізде жаңа пәтерлерге ие болады.

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны жүзеге асырмас бұрын 2013 жылы қаланың тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, ведомствоаралық комиссиямен тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды апатты жағдайда және бұзуға жатады деп танылған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозған тұрғын үйлердің тізімі жасалды. Тізімге 1940-1970 жж салынған 228 баспана енді, олар 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаның бірінші кезеңінде үлестіріледі. Ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша жобаның екінші кезеңі 2018-2020 жж. жүзеге асырылады. Қазіргі кезде тұрғын үйлердің тізімі жасалып, 11 жоба әзірленіп, жетеуі дайындық үстінде. Жобаланып жатқан тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 366,5 мың шаршы м.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!