"Қазпочта" қазақ ғалымдары мен ойшылдарына арналған маркалар шығарды

Фотография - "Қазпочта" қазақ ғалымдары мен ойшылдарына арналған маркалар шығарды

"Естелік және мерейтойлық күндер" сериялы пошталық маркасы "Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл" тақырыбында.

148 0

"Қазпочта" АҚ атақты қазақ ғалымдары, қоғам және мемлекеттік қайраткерлер – Әлихан Бөкейханов, Ыбырай Алтынсарин, Қайым Мұхамедхановтардың туған күндерінен  мерейтойлық күндеріне арналған " Естелік және мерейтойлық күндер" сериялы пошталық маркаларының айналымға енгізілгенін хабарлайды. 

"Естелік және мерейтойлық күндер" сериялы пошталық маркасы "Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл" тақырыбында. Пошталық маркада көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткер, "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, тұңғыш қазақ ұлттық Алашорда үкіметінің басшысы, ғалым, публицист – Әлихан Бөкейханов бейнеленген. Әлихан Бөкейханов өзінің бар өмірін қазақ халқының еркіндігі мен саяси дербестігі үшін күресуге арнады. Марканың номиналы – 5 теңге. Таралымы 2 500 000 дана.

"Естелік және мерейтойлық күндер" сериялы пошталық маркасы "Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл" тақырыбында. Пошталық маркада қазақтың көрнекті   ағартушысы, жаңашыл-педагог және жаңа мектептер ұйымдастырушы, этнограф, ауыз әдебиетін жинақтаушы, ақын, прозашы, аудармашы – Ыбырай Алтынсарин бейнеленген. Пошталық марканың номиналы – "А" литерлі (121) теңге заңды тұлғаларға арналған 20 грамм салмаққа дейінгі қарапайым хаттарды жерүсті көлігі арқылы жіберуге арналған тарифке сәйкес келеді. Таралымы 2 500 000 дана.

"Естелік және мерейтойлық күндер" сериялы пошталық маркасы "Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл" тақырыбында. Пошталық маркада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Абайтану мен Шәкәрімтанудың ғылыми негізін қалаушы, қоғам қайраткері – Қайым Мұхамедханов бейнеленген. Қазақ ССР-ның (1945ж.) Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Пошталық марканың номиналы – "С" литерлі  (218) теңге Қазақстан Республикасы аумағында  жерүсті көлігі арқылы салмағы 20 граммға дейінгі тапсырысты хаттарды жөнелтуге  арналған тарифке сәйкес келеді. Таралымы 2 500 000 дана. Пошталық марканың басылымы офсеттік, 2 бояумен, шетіндегі ойықтар ирек тісті. Шығарылу түрі – маркалық бет. Бір бетте 105 марка. Беттегі марка өлшемі 26Х18 мм. Суретші – Сергей Маршев. Пошталық маркалар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкноттық фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!