Алматыда 2018 жылдың соңында көп деңгейлі автотұрақтар пайда болады

Фотография - Алматыда 2018 жылдың соңында көп деңгейлі автотұрақтар пайда болады

Алматыда салынған ақылы автотұрақтар үш аптада 800 мың теңге пайда түсірген

445 0

Алматыда алғашқы көп деңгейлі автотұрақтар 2018 жылы пайда болады, деп жазады Today.kz. Қазіргі кезде қала басшылығы жаңа паркингтерге орын қарастыруда.

Алматының Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Айдын Керімбек көп деңгейлі автотұрақтарды пайдалануға беру күрделі, бірақ іске асыруға болатын жоба екендігін айтады.

"Жақын уақытта әікмдікте нақты орындарды бекітеді. Қала басшылығы инвесторлар іздеуде, олар өз салымдарын жеті жылда ақтай алады", - дейді Керімбек.

Сонымен бірге, Алматыда салынған ақылы автотұрақтар үш аптада 800 мың теңге пайда түсіргенін айта кетті ол.

Мұның алдында, Алматыда тесттік режимде Көк базар маңынан ақылы автотұрақ аймағы жұмыс істей бастағаны хабарланған. Екі аптада көлікті қою ережелерін бұзғаны үшін 40 жүргізушіге айыппұл салынды. Сонымен бірге, Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркінде 700 көлікке арналған паркинг салынады. Бұл жоба үшін парктің бірнеше атракционы алынып тасталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!