Алматыдағы атыстан кейін адамдар көптеп жиналатын демалыс орындары жабылуда

Фотография - Алматыдағы атыстан кейін адамдар көптеп жиналатын демалыс орындары жабылуда

Қалада ақша айырбастау пунктері, базарлар мен өзге де мекемелер де жабылып жатыр

340 0

Алматыдағы оқиғаларға байланысты адамдар жаппай жиналатын орындар жабылып жатыр, деп жазады Today.kz құқық қорғау органдары, баспасөз қызметтері мен куәгерлерге сілтеме жасап.

"Террорситік қауіптің қызыл деңгейі енгізілуге байланысты Алматыдағы Қазпошта бөлімдері белгісіз уақытқа жабылады", - деп хабарлайды акционерлік қоғамның ресми өкілдері Twitter микроблогтар қызметіндегі акаунтінде.

Куәгерлердің айтуынша, қалада ақша айырбастау пунктері, базарлар мен өзге де мекемелер жабылып жатыр. Кафелер, мейрамханалар мен сауда орталықтары жабық.

"Алматыда террорситік қауіптің қызыл деңгейі енгізілуге байланысты MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық кешені уақытша жұмысын тоқтатты. Бұл шара азаматтардың қоғамдық орындарда қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында қолданылды", - деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметінен.

Жұмыстың тоқтатылғаны туралы Maxima, Dostyk Plaza, City Center, Esentai Mall және тағы осы тектес демалыс орындары хабарлады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!