Алматыдағы теракт кезінде қаза болған полицейлер отабасыларына өтемақы төленеді

Фотография - Алматыдағы теракт кезінде қаза болған полицейлер отабасыларына өтемақы төленеді

Алматылық полицейлер көз жұмған әріптестерінің туыстары мен жақындарының есеп шотына бір күндік жалақыларын аудармақ.

765 0

Алматыда терракт кезінде көз жұмған полицейлердің отбасылары өтемақы ала алады, деп жазады Today.kz  қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР "Құқық қорғау органдары туралы" 66 Заңына сәйкес, қызметкерлер қаза болған жағдайда кепілдіктер қарастырылған. Ол бойынша, қызметкер міндетін атқару барысында қаза болса немесе міндетін атқару барысында алған жарақаты салдарынан жұмыстан шыққан соң бір ішінде көз жұмса, қарауындағы адамдар немесе мұрагерлеріне соңғы қызметіндегі айлығы бойынша 60 еңбекақысы түрінде өтемақы төленеді", - дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен бірге, полицейлердің жерлеу рәсімінің шығынына да үш айлық көлемінде өтемақы қарастырылғанын айтып өтті ол.

Сондай-ақ, Алматылық полицейлер көз жұмған әріптестерінің туыстары мен жақындарының есеп шотына бір күндік жалақыларын аудармақ. Сонымен қоса Астана полицейлері де Алматыдағы теракт салдарынан көз жұмған  әріптестерінің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, көз жұмған үш полиция қызметкері де отбасын құрған және балаларын тәрбиелеп отырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!