Алматыдағы террорситті кісендеген полицей: Қорқыныш болған жоқ

Фотография - Алматыдағы террорситті кісендеген полицей: Қорқыныш болған жоқ

Алматы ІІД-де қылмыскер қолынан қаза болған полицейлер туралы айтып берді.

737 0

Алматыда теракт жасады деген күдіктіні ұстаған полиция қызметкері 18 шілдедегі оқиғалар туралы айтып берді. Нұрсұлтан Қартбаевтың айтуынша, ол ойланбастан шабуылдаушыны ұстауға кіріскен, деп жазады Today.kz. Журналистермен кездесу кезінде полицейлер көз жұмған әріптестері туралы айтып берді.

"Біз кезекшілікте едік. Ол менің қасымда еді.Бізге азаматтар келіп, көшеде біреудің адамдарға оқ жаудырып жүргенін айтты. Старшина Ғалиев бірден далаға жүгіріп кетті, мені кезекші бөлімге хабарласуымды сұрады. Мен хабарлама бергенше, ол қылмыскермен бетпе-бет келіп, атыс басталып кеткен. Мен шыққанда Аян аға жерде жатты. Қылмыскер жаралы күйде дөнер сататын орын маңында отырды. Ол екі тапаншаны алмақ болды, бірақ ала алмады. Мен оны жерге жатқызып, қолына кісен салдым. Аян аға екеуі екі метр жерде тұрып атысқан. Старшина Ғалиев – нағыз қаһарман. Ол жақсы адам болатын. Кеше ешқандай толқу болған жоқ. Мен Отаныма қызмет етемін. Ұстау кезінде қорқыныш болған жоқ", –  дейді Нұрсұлтан Қартаев.

Арнайы күзет батальоны командирі Қайрат Әбдіманапов де көз жұмған әріптесі туралы ойын айтты.

"Ол өз жұмысын жақсы атқаратын, мен Аян сияқты жігіттер көбірек болса дейтінмін. Ол өте жауапты. Құжат жағынан да ұқыпты. Батальонда менде 350 адам бар, солардың ішінде Аянды оларға үлгі ететінмін. Кеше біздер қаржы жинап, Аянның отбасына жібердік. Ол Алматы облысында тұратын, екі қызды тәрбиелеп отырған. Үнемі қалжындайтын: отбасымда кілең әйелдер, 8 наурызда тақырға отырамын деп", –  дейді Қайрат Әбдіманапов.

Алматы ІІД ӘПБ жанындағы ЖППАБ қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов қылмыскер қолынан қаза тапқандардың бірі болды. "Біз бір взводта едік. Бауыржан взвод командирі қызметін атқаратын. Жақсы адам еді. мен онымен екі жыл істестім. Ол жұмысын жақсы көретін. Сол күні таңғы жиналыстан бәріміз бірге шықтық. Біз болған жайтты рациядан естідік, он минут өте Бауыржан көз жұмды", - дейді марқұмның әріптесі Ғалым Смағұлов.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!