Жыл басынан бері 1 миллион шаршы метрден артық тұрғын үй тапсырылды

Фотография - Жыл басынан бері 1 миллион шаршы метрден артық тұрғын үй тапсырылды

Жеке тұрғын үй салушылар жалпы ауданы 99 723 шаршы метрлік үй салған.

266 0

Жыл басынан бері құрылысқа бағытталған инвестициялар көлемі 63 041,1 млн. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің шаршы метрі ұлғайды - 1 134 324 шаршы метр. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 10 371 пәтерлік баспана тапсырылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жеке тұрғын үй салушылар жалпы ауданы 99 723 шаршы метрлік үй салған.  

Тұрғын үйлердің бағасына тоқталсақ, елордада тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрінің құны орта есеппен 129,7 мың теңгені құрайды, соның ішінде жеке тұрғын үй салушылар үшін шаршы метрдің құны – 115,5 мың теңге.

Қазіргі кезде Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 223 462,1 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындады, соның ішінде 50,8%-ы жеке мердігерлік ұйымдарға, 49,1%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға 0,1%-ы мемлекеттік мердігерлерге тиесілі.

Негізінен, құрылыс-монтаждау, күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы құрайды - 68,7%, электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаждау жұмыстары - 10,5%.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!