ҚМДБ: Қажылыққа бару құжаттарын қабылдау 10 тамызда аяқталады

Фотография - ҚМДБ: Қажылыққа бару құжаттарын қабылдау 10 тамызда аяқталады

Биылғы қажылық маусымы тамыз айының 30-нан басталып, қазан айының 17-інде аяқталады.

222 0

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық турфирмаларымен болған жиында мәлімдеді.

Биылғы қажылық маусымы тамыз айының 30-нан басталып, қазан айының 17-інде аяқталады. Ал, 10 қыркүйекте ұлық мейрам Құрбан айт мерекесі басталады.

"Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің бекіткен ережелері бойынша қажылық сапарына қатысты құжаттарды қабылдау 10 тамызда аяқталады. Отандастарымызды осы санаулы күндерді сәтті пайдалануға кеңес береміз. Елімізде қажылық парызын өтеуге мол мүмкіндіктер жасалған. Бұл Алланың халқымызға берген ұлы сыйы. Кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Ал, елімізде мұсылмандар емін-еркін кезексіз қажылық парызын өтеп келуде. Бұл Алла Тағаланың халқымызға берген нығметі", – деді Серікбай қажы Ораз. 

Айта кетсек, қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтар ҚМДБ қажылық бөліміне немесе Діни басқарма жариялаған конкурстан өткен қажылық компанияларына хабарласуына болады. Олар:

1. "Хидаят нұр";

2. "Яссауи";

3. "Атлас туризм";

4. "Хикмет тревель";

5. "Дельта тревель";

6. "Қызмет саяхат";

7. "Әл-маруа";

8. "Санабль";

9. "Аңсар круиз";

10. "Нұр-Қазақстан".

Сонымен бірге, осы компаниялар құрамында жұмыс жасайтын "Сембекова и К", "Кәусар саяхат", "Имантревель", "Робинзон", "Ордабасы", "Мина тур", "ТВВ тур" компанияларында қасиетті қажылыққа барудың мол мүмкіндіктері қарастырылған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!