Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Фотография - Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Тиісті шаралар қаланың қарқынды дамып келе жатқан сол жағалауын су басу мәселелерін толық шешуге мүмкіндік береді.

247 0

Астанада түнде 14 мм жауын-шашын жауды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Түнде 998 текше метр жаңбыр суы сорылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде тиісті жұмыстарға 117-ден артық арнайы техника тартылған, соның ішінде екеуі өрт сөндіру станциясы. Астанада үш жол бөлігін су басқан: Б. Момышұлы ескерткішінің жаны, Қалдаяқов к-сі және Тұран даңғылы, қосымша орнатылған сорғылардың арқасында нөсер салдары жақын арада жойылмақ.

"Біз сол жағалауға толық қызмет ететін тазарту құрылыстарындамыз. "Хан Шатыр" СОО ауданында орнатылған қосалқы сорғылардың есебінен Орынбор көшесін су басудың алды алынды. Жыл соңына дейін Керей мен Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылы, № 31 – Хусейн бен Талал көшелеріндегі №27 тазарту құрылысы пайдалануға беріледі", – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, суды бұру жүйелеріне қарағанда қаламыз тез дамып келеді, су басу жағдайларының орын алатыны да сондықтан. Бұдан басқа, су басудың себептерінің бірі нөсер кәрізі коллекторларының өткізу қабілеттілігінің төмендігі болып отыр. Осы сияқты жағдайларды болдырмау үшін нөсер кәрізі жүйелерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асырудың 2019 жылға дейінгі кестесі қайта қаралды.

Биыл екі тазарту құрылысын салудан басқа, Кіші Талдыкөлден Есіл өзеніне су жіберетін коллектордың және Сауран көшесіндегі Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі нөсер кәрізінің құрылысын аяқтау, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы дренажды-сорғы станциясын қайта жөндеу жоспарланған.

Тиісті шаралар қаланың қарқынды дамып келе жатқан сол жағалауын су басу мәселелерін толық шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы қайта салынып жатқан аумақта су бұру жағдайларын жақсарту үшін Бейсекова көшесінде, Пригородный кентінде тазарту құрылыстары салынып жатыр, сондай-ақ, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы тазарту құрылысы қалпына келтіріліп, 2018 жылы пайдалануға беріледі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!