Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Фотография - Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шара барысында 40-тан астам жұмыс беруші сауда және экономика салаларындағы бос жұмыс орындарын ұсынды.

149 0

Бүгін "Жастар" сарайында сауда және экономика саласына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шара Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шара барысында 40-тан астам жұмыс беруші сауда және экономика салаларындағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жоғары және орта оқу орындары түлектерінің арасында жұмыссыздықты азайту болып табылады. Шара сауда және экономика саласындағы жас мамандарға жұмысқа орналасуға көмектеседі.

"Бұл жастар үшін осы саладағы бос орындар туралы мәлімет алудың мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ, ол өз орнын таба алмай жүрген, қандай да болмасын бір себептермен мансап құра алмағандар және түлектер мен студенттер сияқты жұмыс іздеушілер үшін де тиімді", - дейді Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ жұмыспен қамту және кәсіби бағдарлау бөлімінің басшысы Айдана Мұсатаева.

Еске салайық, "Астана жастары" ресурстық орталығы елордада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін құрылған. Орталық тегін құқықтық көмек көрсетеді, волонтерлік қозғалыс пен аула клубтарын дамытумен айналысады, сондай-ақ жұмыспен қамтуға және кәсіби бағдарлауға көмектеседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!