Астанада жауын суларынан көлік кептелістері пайда болуыда

Фотография - Астанада жауын суларынан көлік кептелістері пайда болуыда

Жауынды күні полицейлер сақ болуға шақыруда.

292 0

Астанада жауын суларынан қаланың бірнеше ауданында көліктер кептелісіп жатыр, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

"Қатты жауыннан су жол бетінен ағып үлгермей, көшелерде шалшық су ретінде жиналып қалып жатыр. Көшелерде көлік жүрісі қиындаған, осыған байланысты қиылыстарда кептелістер пайда болды", - делінген хабарламада.

Полиция ақпараты бойынша, келесі көшелердегі қиылыстарда кептеліс пайда болды: Кұтпанов – Біржан сал, Жеңіс - Есенберлин, Қорғалжын тас жолы  – Бейсекова, Ғабдуллин - Иманов, Орынбор - Көпір-2, Орынбор – Шалқыма, Сауран – Алматы, Достық – Сауран. 

Орнаған жағдайға байланысты Астана полициясы жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.

Мұның алдында қала әкімдігінде Астана көшелелерін су басу себебі ретінде жауын канализациясының өткізгіштік мүмкіндігінің төмендігінен екенін айтқан. Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың айуынша, қаланың дамуы жер бетіндегі су ағарлар жүйесін салу қарқынынан жылдам жүріп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!