Астанада 2016 жылы 30 км артық жол жөнделеді

Фотография - Астанада 2016 жылы 30 км артық жол жөнделеді

Жыл сайын елордада орта есеппен 10 км жол жаңадан салынады, қозғалыс жолақтары ұлғайтылып, жол төсемі қайта жөнделеді

148 0

Биыл жалпы ұзындығы 33,87 км құрайтын 39 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі кезде 20 көше – 16,6 км жол қалпына келтіріліп, 4 көше – 2,01 км жол жөнделіп жатыр. Бұл туралы елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі жөніндегі қоғамдық тыңдау барысында Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

– Біз қаланың ескі бөлігін жөндеп жатырмыз. Жангелдин, Мәскеу, 9 мамыр көшелері жөнделді. Алдағы уақытта Желтоқсан көшесін кеңейтіп, Әуезов көшесін жөндеу көзделген, – деді ол.

Оның айтуынша, қалада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер мен жаңа аудандар тез салынып жатыр, оларды пайдалануға беру үшін инженерлік желілерді тарту және өтетін жолдармен қамтамасыз ету қажет.

- Тілендиев даңғылы ауданында ұзындығы 5,3 км болатын төрт көше салу керек, атап айтқанда, Алматы, Жангелдин және Алматы-1 көшелері. Қошқарбаев, Жұмабаев көшелері ауданында жалпы ұзындығы 9,1 км құрайтын 7 көше салынады. 2017 жылы Басқарма Мыңжылдық аллеясын дамытуды жоспарлап отыр, осы бағытта Ж. Нәжімеденов пен Байтұрсынов көшелері салынады, - деді Сымбат Мырзағұлов.

Жыл сайын елордада орта есеппен 10 км жол жаңадан салынады, қозғалыс жолақтары ұлғайтылып, жол төсемі қайта жөнделеді, 7 км инженерлік желі жаңартылады. Қаладағы жалпы ұзындығы 1038,4 км құрайтын 953 көшенің 705,2 км, яғни 73,1% асфальт төселген.

С. Мырзағұлов қазіргі кезде Комсомольский, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, 2015 жылы салына басталған құрылыстарды аяқтау және 10,5 шақырым жол салу жоспарланған. 2017 жылы Комсомольский, Оңтүстік-Шығыс, Көктал-1, Көктал-2, Интернациональный, Мичурино тұрғын алаптарында 10 км жол салу және 25 км жуық инженерлік желі тарту жұмыстары жалғасады.

2011-2016 жылдары Астана қаласында 101 км жол салынып, 275,25 км инженерлік желі тартылған. Күйгенжар, Қазақауыл, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту аясында Угольная к-сі, №14, №12 (Сарайшық) және Ш. Бейсекова көшесімен өтетін Кіші айналма жолдың құрылысы қолға алынды. Оның жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайды. Оған 7 жол айрық, 5 жол өтпесі, 1 көпір кіреді



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!