Көлік полицейлері бір күнде 19 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты

Фотография - Көлік полицейлері бір күнде 19 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты

Оның ішінде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 161 шетелдік ел аумағынан шығарылды

281 0

Жыл басынан бері көлік полициясының көші-қон бөлімшелері Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 2 338 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 161 шетелдік ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Мәселен, 26 шілдеде Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен әуежайдың күту залында төлқұжаттар мен көші-қон карточкаларды тексеру барысында Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткен 19 Украина азаматын анықтады.

Ұсталған азаматтардың барлығына қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-тармағы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша  әкімшілік хаттама толтырылды.

"Енді әкімшілік іс Астана  қаласының  мамандандырылған  әкімшілік  сотына жолданады", делінген хабарламада.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!