Еркеш Шәкеев: Мен бұл сынақты қабыл алдым

Фотография - Еркеш Шәкеев: Мен бұл сынақты қабыл алдым

Алматыда Сафар Шәкеевті ақтық сапарға аттандырды.

6773 0

Алматыда белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Сафармен қоштасуға достары, туыстары, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық интелегенция өкілдері келді, деп жазады Today.kz.  Жас жігіттер "бір-біріңді сақтаңдар" деген жазу мен Сафардың суреті бар біркелкі футболкада болды.

Сафар Шәкеевті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Алматыдағы Жамбыл атындағы филормония ғимаратында өтті.

"Мен, ұлымның өлімінен әрқайсысы сабақ алса деймін. Бір-біріңді жақсы көріп, сенімде болыңыздар. Қалғанының бәрі – бос дүние. Бұл өмірде ең қорқыныштысы – балаңды жоғалту. Мен өмір бойы адал болдым, ешкімді ренжіткен емеспін, сондықтан мұндайға душар болмаймын деп ойлайтынмын. Біз баламызды энергетикалық тұрғыда қорғауды ұмытамыз. Өмірі бір шаруларамен жүреміз", –  дейді Шәкеев ұлымен қоштасу рәсімінде.

Шәкеевтің айтуынша, оның ұлының жүзеге аспаған үлкен жоспарлары болған.

"Ол американдық кино институтына түспек болатын, бірінші турдан өткен. Бірақ, кейін оған үш жылдық өтіл қажет екені белгілі болды. Ол өте сирек жан еді. Мен шөл далада 21 күн шыдаған адамды көрмедім. Ол спарталық тәрбиесі бар Афиналық мектепте оқыды. Оның он күнін ол жалғыздықта өткізді. Ондай тапсырма болған. Өтпеген адамды мектептен шығаратын. Он күн ол бес мың калорияға ғана өмір сүрді. Бұлақтан су ішті. Сол үшін де біз алдында ол тауға кетіп қалды деп ойлағанбыз", – дейді Еркеш Шәкеев.

"Мұндай жоғалтулар басталғаны өкінішті. Біз жыл сайын мәдени тұрғыда жұтаңдап барамыз. Сафардан айырылу – бүкіл ел үшін жоғалту болды. Біздің балаларға  осындай Сафар керек еді. Мен бұл соққыны қабыл аламын. Мен өмірде бекем адаммын. Ешкімге қарыз емеспін. Біздің отбасындағы қағидамыз – адал нан мен таза істер. Сафар да сондай болды. Оның өмірі қысқа, бірақ, жарқын болды", – дейді Еркеш Шәкеев ауыр қайғымен.

Фото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз Толеке

Сонымен бірге Шәкеев ұлын іздеуге ат салысқан барлық достары мен туыстарына, полицияны, ҰҚК мен Ұлттық ұланға алғысын білдірді.  .

Сафар Шәкеевтің денесі 28 шілде күні Есентай өзенінен табылды. Суда жатқан өлі адамның денесі туралы өтіп бара жатқан адам полицияға хабарлаған. Ер адамның қалтасынан табылған құжаттар мен жеке заттардан оның Сафар Шәкеев екені анықталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!