ҚР АШМ барлық Қазақстан бойынша фермерлерге тегін оқытуды ұйымдастырады

Фотография - ҚР АШМ барлық Қазақстан бойынша фермерлерге тегін оқытуды ұйымдастырады

Сонымен қатар, бағдарламаға 25 шетелдің мамандары атсалысуда. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардың әдісімен таныстыратын болады.

187 0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның барлық облыстарындағы фермерлерге тегін оқыту семинарларын ұйымдастырады. Осы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен бір миллиард теңге бөлді, деп хабарлады Pm.kz.

Орындаушы болып "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленгені айтып өтілді. Арнайы сол үшін ағымдағы жылдың маусымында палата агроқұзіреттер орталығын құрды. Орталық директоры Төлеутай Рахымбековтың айтуынша фермерлердің негізгі мәселесі ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады.

"Біз барлық Қазақстан бойынша 600 семинар өткізуді жоспарлаудамыз және он мыңнан астам фермерлерді қамтамасыз етеміз. Семинар ауыл шаруашылық министрлігімен анықталған 25 негізгі бағыт бойынша өткізілетін болады. 13-і мал шаруашылығы бойынша және 12-і өсімдік шаруашылығы бойынша. Негізгі проблеманың бірі – ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығының мамандары болып келмейді. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімді әрдайым жетілдіріп отыру керектігін айтады, біздің фермерлер барлық инновациялық өңдеуді білулері тиіс", - деді Т.Рахымбеков.

Сонымен қатар, бағдарламаға 25 шетелдің мамандары атсалысуда. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардың әдісімен таныстыратын болады.

"Қараша айын дейін Қазақстанның барлық облыстарын қамтуды жоспарлаудамыз. Біздің мақсатымыз тек 10 мың фермерді оқытып қана қоймай, оларға  семинар барысында қазіргі заманға сай шешімдер қабылдауға үйрету. Осындай ауқымды бағдарламаға мемлекет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді", - деді Т. Рахымбеков.

Тұрақты негізде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді сүйемелдеу үшін және оларға дәріс беру үшін ҚР ҰКП www.fermers.kz интернет порталын әзірлеуде. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!