"Тұлпар-Тальго" поездының миллионыншы жолаушысын Астана вокзалында күтіп алды

Фотография - "Тұлпар-Тальго" поездының миллионыншы жолаушысын Астана вокзалында күтіп алды

Ақтөбелік зейнеткерге сертификат табысталды.

440 0

Ақтөбелік зейнеткер 2016 жылы "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызының миллионыншы жолаушысы болды, деп хабарлайды Today.kz "Жолаушылар тасымалы" аҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 29 шілдеде Қаныбай Бекбауованы Астана темір жол вокзалында күтіп алды.

"Шынымды айтсам, өзімнің мұндай ерекше билет алғанымды білген жоқпын. Вагоннан түскен бетте БАҚ өкілдері қаумалай қарсы алғанда түсінбей қалдым. Ерекше билетпен келгеніме таң қалғаныммен, екінші жағынан өте қуаныштымын. Астанада қос балам тұрады. Соларға үнемі қыдырып келіп тұрамын", -  дейді Қанымай Бекбауова әжей.

Кейуанаға аталған пойызда тегін жүру үшін 10 реттік сертификат табысталды. Енді ол жыл соңына дейін он мәрте тегін жүру мүмкіндігіне ие болып отыр.

Өмір бойы бастауыш сынып мұғалімі болған Қанымай Бекбауова бес бала тәрбиелеп өсірген. Екі ұлы Астанада тұратын болса, екі қыз, бір ұлы Ақтөбе қаласында тұрады.

"Қызық деген аяқ астынан болады деген осы. Енді жыл соңына дейін еліміздің біраз жеріне барып қайтамын. Өзім той-томалақтан қалмайтын адаммын. Бұл мен үшін үлкен жеңілдік болып отыр", дейді ол кісі.

Жыл басынан бері отандық пойыздарда 10 миллионнан астам адам сапарға шығып отыр. Оның ішінде "Тұлпар-Тальго" пойыздарын пайдаланушылар саны миллионнан асқан. Өткен жылы бұл жүрдек пойызбен бір миллионнан астам адам жол жүрсе, биыл алты ай ішінде олардың саны миллиондық межеге жетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!