Ұлттық ұлан сарбаздары Skype арқылы ата-аналарымен сөйлесе алды

Фотография - Ұлттық ұлан сарбаздары Skype арқылы ата-аналарымен сөйлесе алды

Аталған іс-шара өз жалғасын табады.

467 0

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде Қостанай өңірінен Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздар интернет-скайп жүйесі арқылы онлайн режимде ата-аналарымен видео-байланысқа шықты, деп хабарлайды Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің басшысы Айдос Байшағыров.

Байланыс барысында Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөліміне жиналған сарбаздардың ата-аналары Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген ұлдарын көріп, тілдесе алды. Сонымен қатар балаларының әскери өмірімен, тұрмыс жағдайларымен танысты.

Аталған іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов қатысып, онлайн режимде ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ ата-аналардың назарына ұлдарының сәлемдемесі жолданған және қызметтерін өткеріп жүрген әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігі туралы бейнежазбалар ұсынылды.

Тамыз айында аталған іс-шара өз жалғасын тауып, Ақмола облысынан шақырылған сарбаздар да ата-аналарымен тілдеспек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!