Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы АрМИ-2016 сайысына толық дайын

Фотография - Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы АрМИ-2016 сайысына толық дайын

Осы жылы армия ойындары көптеген әскери қызметшілеріміз үшін дебют болды.

283 0

Армия халықаралық ойындары-2016 жарысының ресми басталуына небәрі бірнеше күн қана қалды. Алайда, командамыз толық әзір. Таңсәріден бастап Алабино полигонында дайындық жүріп жатыр.

 Қазір Мәскеу облысында қазақстандық құраманың бірнеше командасы жүр. Бұл "Танк биатлоны" сайысының қатысушылары, "Суворов тегеуріні" байқауы жаяу әскердің ұрыс машиналарының экипаждары, кинологтар мен қызметтік иттер, "Адал дос" байқауына қатысушылар мен "Далалық ас үй" байқауында өнер көрсететін әскери аспазшыларымыз. 

Олардың біршамасы үшін сайыстың алғашқы кезеңдері мен алғашқы тартыс бүгін басталады. Қазақстанның танк экипаждары бүгін Ресей, Үндістан және Сербияның командаларымен өздерінің алғашқы конкурстық тартысын бастамақ. Жаяу әскер ұрыс машиналары экипаждарының да басталу алдындағы дайындығы. Біздің мотоатқыштар ЖӘЖМ-2 штаттық қару-жарағын салыстыра тексеру мен атып көруді өткізді. 2А42 зеңбірегі 30 мм калибрлі 15 оқ-дәріден орташа есеппен 8-10 снаряд нысанаға дөп тиді. Бұл көздеуші-операторлардың жоғары дайындығы мен кәсіпқойлығының дәлелі. "Адал дос" байқауының қатысушылары, дебютанттарымыз сайысқа қамдануда. Қызметтік иттер акклиматизациядан өтіп, кинологтар бірден жаттығуларға кірісіп кетті.

 Осы жылы армия ойындары көптеген әскери қызметшілеріміз үшін дебют болды. Олардың қатарында әскери аспазшылар да бар. "Далалық асхана" байқауы құрамамыздың өнер көрсетуіндегі айрықша қоспа. Ойынның ашылуы күнінде қонақтар мен қатысушылар АрМИ-2016 қатысушы елдерінің аспазшылар құрамымен әзірленген қазақ, орыс, белорус, үнді, қырғыз, қытай, кувейт, әзірбайжан, армян, қырғыз, моңғол, серб және тәжіктің ұлттық тағамдарынан дәм татып, баға бере алады. Азық-түлік қызметінің далалық құралдарында дайындайтын болады. Тартыс барысында әскери аспазшыларымызға өздерінің аспаздық шеберліктерін ғана емес, сонымен бірге, дене даярлықтарын және қаруды меңгеру шеберліктерін паш етуге тура келеді.

 АрМИ-2016 сайысында қазақстандық армия 23 байқаудың 21-іне қатысатынын айта кеткен жөн. Әскери қызметшілеріміз ниет білдірген сайыс саны бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы алғашқы үштікте тұр. Командаларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атануға үмітті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!