Сафар Шәкеевтің досы: "Мен үшін қазір ол офисте, кешкісін көрісетіндейміз"

Фотография - Сафар Шәкеевтің досы: "Мен үшін қазір ол офисте, кешкісін көрісетіндейміз"

Сафар Шәкеев туралы естелік.

2265 0

Сафар Шәкеев 24 жасында өмірден озды. Ол жастай кетті, дегенмен, артында қалдырғаны көп. Осы сұқбат арқылы Today.kz редакциясы Сафар туралы естелік болсын деп, оны жеке танымаған адамдар қандай болғанын білу үшін ол жайында кеңірек сұқбат жасады.

Жалғас Жанғазин ­– Сафар Шәкеевтің жақын достарының бірі. Олар АҚШ-та бірге оқыды және екеуінің ортақ араманы болды – кино түсіру. Жалғас тек Сафар туралы ғана айтып, ауырлықпен өткен 12 күн бойғы іздеу мен досын тірі көрем деген үміттің үзілгені жөнінде тіс жарғысы келмейді.

- Сафар сияқты талантты, шығармашылық адамының досы болу үшін күшті эмоционалдық байланыста болу керек шығар.

- Біз екеуміз ұқсайтынбыз, екеуміз де шығармашылық адамымыз. Ортақ жобаларымыз көп еді, фильмдер туралы ұзағынан әңгімелесіп отыра беретін едік. Сафар айтатын: "Жалга, екеуміз ұқсаймыз", деп. Екеуміз де романтик едік деуге болады.

Сафармен төрт жыл бұрын Лос-Анджелесте таныстық. Ол біздің жақсы досымыз Дәурен Қамшыбаевпен бірге шаруаларымен жүріп, мен тұрып жатқан үйге кіре кетеді. Біз бірден тіл табысып кеттік, ал достығымыз күн сайын арта берді.

Сафар Chapman University-тін тәмәмдады, ол АҚШ-тағы және әлем бойынша ең үздік кинематограф мектептерінің бірі. Сафардың дипломдық жұмысы - "Thank you for flying" – американық түрлі фестивальдедрдің жүлдесіне ие болған. Бұл өте мықты фильм – ұшқыш туралы, оның қиындыққа мол өмірі жайында; ол бұл қиындықтарды жеңіп, соңында еркіндікке жетеді. Картина қысқа, 15 минут қана, бірақ, әсері мол. Кәсіби түрде түсірілді, жасыл экран қолданылды. Сафар бұл фильмге ұзақ дайындалды және бұл фильм ол үшін үлкен режиссерлік тәжірибе болды.