Қазақстандық армия АрМИ-2016 сайысында көрнекі командалардың бірі атанды

Фотография - Қазақстандық армия АрМИ-2016 сайысында көрнекі командалардың бірі атанды

Әскери қызметшілеріміз 23 байқаудың 21-інде ұсынылған.

417 0

Ресейдегі Армия халықаралық ойындары – 2016 додасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамасы ең көрнекі командалардың бірі болып танылды. Әскери қызметшілеріміз 23 байқаудың 21-інде ұсынылған. Мұндай барынша қамту жалпы командалық сынақта жеңімпазды анықтау үшін шешуші мәнге ие және әрине, өзге елдер үшін ынталандыру болып табылады,деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Командаларымыз өнер көрсететін байқаулардың пішімі мен ерекшелігі әр алуан. Кәсіпқойлық жағынан бақ сынасып, халықаралық аренада Қазақстан Қарулы Күштерің намысын әскери ұшқыштар, теңізшілер, десантшылар, жүргізушілер, танкішілер мен теңіз жаяу әскерлері, инженерлер, әскери дәрігерлер, әскери аспазшылар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары, кинологтар, сүңгуірлер, мергендер және артиллерияшылар қорғайтын болады. 

Олардың біршамасы «қызу тартысқа» түсіп те кетті. Таяуда Ресейдегі "Патриот" саябағының басты алаңында Армия халықаралық ойындары – 2016 жарысының ресми түрде ашылу рәсімі өткен болатын. Аталмыш дода Мәскеу облысының «Алабино» полигонында "Танк биатлоны" байқауына қатысатын танк экипаждарының басталуын білдіретін оқ атудан басталды. 

АрМИ-2016 ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы сайыста еліміздің Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын қазақстандық құрамамен жүздесіп, әскери қызметшілерге алдағы байқауда сәттілік және жеңіс тіледі.

 Армия халықаралық ойындары – бұл әскери саладағы ғаламат оқиға. Кәсіби машық пен шеберліктің ірі сайыс алаңы. Бұл тартысты бәсекеге әуеде, құрлықта және теңіздегі үздік, ең мықты және дайындалған атағын иемдену үшін тұтас армия жиналады. Ойындар шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында өтеді.

 Биылғы жылы Армия ойындарының ауқымы барлық сапалық және санды өлшемшарттар бойынша кеңейді. Қазіргі ойындарды 3 000-нан аса әскери қызметші, Азия, Еуропа, Африка және Латын Америкасының 20 мемлекетінен келген 120-ға жуық армия командалары біріктіруде. Далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау, оның 10-ы жаңасы, бір уақытта Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында өтеді. Бұл ретте теңіз байқаулары Балтық, Қара және Каспий теңіздерінің су айдындарында өтеді. 

Оның ішінде, Қазақстан Қарулы Күштерінің «Гвардейск» полигонының аумағында алғаш рет "Артиллериялық оқ ату шеберлері" мен "Мерген шебі" екі байқауы өткізілмек. Қазақстанда халықаралық байқаулар ертең басталады. Үздік мергендер мен артиллерияшылар бәсекеге түседі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!