Ауруханада көз жұмған полицейлердің отбасыларына қосымша 10 миллионнан бөлінеді

Фотография - Ауруханада көз жұмған полицейлердің отбасыларына қосымша 10 миллионнан бөлінеді

Бүгін жансақтау бөлімінде жатқан полицияның аға сержанты Серік Әбілдаев пен полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев көз жұмды.

240 0

Алматыда болған теракт кезінде жараланып, ауруханада көз жұмған екі полицейдің отбасына қосымша 10 миллионнан өтемақы төленеді, деп жазады Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауруханада көз жұмған полицияның аға сержанты Серік Әбілдаев пен полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевтың отбасыларына 10 миллион теңге көлемінде мемлекет тарапынан қосымша көмек беріледі.  Мұның алдында әр отбасына бес миллионнан бөлінген болатын", - деп хабарлайды Алматы әкімдігінен.

Естеріңізге салсақ, Алматыда теракт 18 шілдеде болды. Екі рет сотталған 26 жастағы Руслан Күлекбаев қала орталығында атыс ұйымдастырды. Нәтижесінде бес адам мерт болды – полицейлер Аян Ғалиев, Мақсат Сәлімбаев, Бауыржан Нұраханбетов, ІІМ бұрынғы қызметкері Ғани Нұриманов және шегарашы Азамат Әзімханов. 19 шілдеде Алматы ауруханасында тағы бір полицей Тимур Бегасылов көз жұмды.  1 тамыз күні жансақтау бөлімінде жатқан полицияның аға сержанты Серік Әбілдаев пен полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев көз жұмды.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!