"Вокорд-Циклоп" аппараттарымен 9300 артық бұзушылық тіркелді

Фотография - "Вокорд-Циклоп" аппараттарымен 9300 артық бұзушылық тіркелді

Кешендер көше жарықтандырудың стандартты тіректеріне орнатылып, қала сәулетін бұзбайды.

156 0

Елордада 21 "Вокорд-Циклоп" аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылған. 25 ақпаннан бастап осы күнге дейін жылдамдық режимін бұзудың 9300-ден артық фактісі тіркеліп, 230 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Еске салайық, аталған аппараттар жылдамдық режимін бұзған көліктерді автоматты түрде тіркейді.

Кешендер көше жарықтандырудың стандартты тіректеріне орнатылып, қала сәулетін бұзбайды. Жүргізушілерді ескерту мақсатында ақпараттандыру белгілері қойылды.

Бұрын хабарланғандай, орнатудың қарапайымдылығы құралды жолдың басқа бөліктеріне ауыстырып қоюға мүмкіндік береді. Бұл Астана қаласының ішкі істер департаментінің қарауына қарай жүзеге асырылады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!