Қазақстан түнгі атуда Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэла құрамаларын жеңді

Фотография - Қазақстан түнгі атуда Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэла құрамаларын жеңді

Түнгі жағдайда оқ ату үшін қатысушыларға қазақстандық «Аселсан» өндірісінің түнгі көру көздеуіштері ұсынылды.

288 0

Бүгін Қазақстанның "Гвардейск" полигонында "Артиллериялық оқ ату шеберлері" - "Түнгі спринт" байқауының екінші кезеңі басталды. Армия ойындары шеңберінде бұл түнгі уақытта өткізілген алғашқы сайыс, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Тартыс күрделі болды.  Жауынгерлік қалыпта түнгі көру приборларымен жүргізу, минаатқыштан, гранатаатқыш пен автоматтан нысаналарға дөп тигізу – мұның барлығын Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэланың артиллерияшыларына түнгі мезгілде алғаш рет байқауда орындауға тура келді.    

Әскери қызметшілер 2Б11 минаатқышынан, түнгі көздеуіштері бар РПГ-7В және АК-74-тен оқ атты.  Минаатқыштан оқ ату радиусы 15 метр жеке құрамға арналған тасалары бар арнайы дайындалған ордан жүргізілді. Межеге дөп тигізу үшін әрбір командаға үш минадан берілді.  Әрбір мүлт кеткен оққа бір айып шеңбері қосылып отырды. Оқ атулар нысананы үздіксіз жарықтандыру үшін белгіленген қарқынмен "Оңтүстік" ӨңҚ 85395 әскери бөлімінің Д-30 122 мм гаубицаларының атыс есептоптарымен жүргізілді. 

Түнгі жағдайда оқ ату үшін қатысушыларға қазақстандық «Аселсан» өндірісінің түнгі көру көздеуіштері ұсынылды. Оптика мергендерге түнгі уақытта оқ атуға, сонымен қатар, сайыстың кейбір сәттерінің түсірілімін жүргізуге мүмкіндік берді.  Биылғы жылы ойындар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты арқылы алғаш рет тікелей эфирде көрсетілгені де ерекше болды. 

Қазақстанның минаатқыш есептоптары түнгі жағдайда барлық кедергілерді ойдағыдай еңсеріп, барынша жылдамдықта мәре сызығына жетті. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы үздік атанды. Екінші орынға Ресей тұрақтады, үшінші орынды Қырғызстанның командасы еншілесе, төртінші орынды Венесуэла місе тұтты. 

Қазақстанның командасы жеткілікті деңгейде дайындалғанын айта кеткен жөн. Байқаудың басынан бастап қазақстандық артиллерияшылар жоғары нәтижелер көрсетіп, барлық сынақтарда өздерін сенімді ұстауда. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!