Төрт аяқты жауынгерлер армия ойындарының үздік үштігіне кірді

Фотография - Төрт аяқты жауынгерлер армия ойындарының үздік үштігіне кірді

Байқауға қатысу үшін қызметтік иттерді дайындау кезінде малинуа және неміс овчаркасы тұқымдас иттерге басымдық берілді.

297 0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының қызметтік иттері Ресейдегі "Адал дос" байқауында сәтті өнер көрсетті. Бірінші кезеңде кинологтарымыз бен олардың төрт аяқты көмекшілері Беларусьтің командасынан оза шауып және Қытай мен Ресейдің өкілдеріне жол беріп, үшінші орынды еншіледі, деп хабарлайды ҚР ҚМ ресми сайты.

"Кинолог – қызметтік ит" жұбында олар 800 метрден төрт айналымдағы қашықтықтан өтті және оқ атуды орындады. Біздің команда сенімді қадам мен алғашқы нәтижелерге көңілі көншіп отыр. Алайда, бұл сынақтың соңы емес. Кинологтар мен төрт аяқты "жауынгерлерге" қызметтік міндеттерді, яғни, ұстау, тексеру және бұзақорды айдауылдауды орындауда өздерінің артықшылықтарын, сондай-ақ, кедергілер жолағынан өтуде дене даярлықтарын дәлелдеуге тура келеді.

 ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында атап өткендей, байқауға қатысу үшін қызметтік иттерді дайындау кезінде малинуа және неміс овчаркасы тұқымдас иттерге басымдық берілді. 

"Адал дос" - жануарлар қатыстырылатын Армия халықаралық ойындары-2016-ның бірден-бір сайысы. Ұйымдастырушылардың бағасы бойынша барлық қатысушылар лайықты түрде сынақтардан өтіп, жоғары кәсіпқойлықтарын растауда. Әскери кинологтардың алғашқы халықаралық байқауына барлығы шығыс-еуропалық, неміс және бельгиялық овчарка үш тұқымдас 25 қызметтік итпен бірге 50 әскери қызметші қатысуда.  




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!