Грузиядан орала алмай жатқан қазақстандықтарға ұшақ жөнелтілді

Фотография - Грузиядан орала алмай жатқан қазақстандықтарға ұшақ жөнелтілді

Иллюстрациялық фото

Қазақстандықтардың үйге қашан оралатыны белгісіз.

321 0

Батумиде қалып қойған қазақстандық туристерді елге жеткізу үшін чартерлік борт жөнелтілді, - деп хабарлайды Today.kz.  Бірақ, олардың үйге оралатын нақты уақыты әзірге белгісіз. "Алматыдан ұшақ жөнелтілді, қазір Батумидегі ұшақтың мәселесімен айналысып, оның жұмысын қалпына келтіруге тырысып жатырмыз. Әуе кемесі дайын болған кезде ұшады", - деді SkyBus әуекомпаниясының бас директоры Александр Белобородов.

Астана әуежайы анықтама қызметінің ақпараты бойынша, Астана - Батуми бағытындағы чартерлік рейс тамыздың бесі күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат  02:10 минутқа жоспарланған. "Ұшақ кестеге сай ұшып кетті", -  деп хабарлады анықтама қызметіндегілер.

Естеріңізге салайық, тамыздың 4 күні 100-ге жуық турист Астанадан Грузияға, жартысы Грузиядағы курорттардан елге орала алмай жатқаны белгілі болды. ҚР ИДМ азаматтық авиация Комитетінің мәліметі бойынша, Батумидегі SkyBus АҚ-ның ұшағын грузиялық авиациялық биліктің инспекторы ертеректе перрондық тексеруден (SAFA) өткізген. Оның нәтижесіне сай жасалған ескертулерден кейін комитет рейстердің қауіпсіздігіне қатысты шараларды жүргізіп, 22 шілде күні есеп берген. Алайда, тамыздың бірі күні рейстердің қауіпсіздігіне қатысты тағы да кемшіліктер анықталған. 

SkyBus әуекомпаниясының екі рейсі ұшақтың істен шығуына байланысты тоқтатылған. Қазір елге қайтатын ұшақты 50 шақты турист күтіп отыр. 

Астанадан Батумиге аттанатын турларды сатқан Hottour.kz туристік фирмасы осы жағдайқа қатысты ақпарат беруден бас тартты.  

Айта кетейік, осы күні Батумиге Қазақстанның алты қаласынан (Астаны, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Атырау) туристік бағыт ашылған болатын. Оның барлығы небары екі әуе кемесі арқылы жүзеге асырылады.  2016 жылдың маусым және шілде айларында Грузияға бес мыңға жуық турист аттанған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!