Қазақ-түрік лицейлерінің Гюлен қозғалысымен қатынасы бар-жоғы анықталмақ

Фотография - Қазақ-түрік лицейлерінің Гюлен қозғалысымен қатынасы бар-жоғы анықталмақ

Фото: akorda.kz

Бұл туралы Қазақстан Президенті Тайып Ердоғанмен бірге өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

772 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев исламдық оппозиционер Фетхуллах Гюленге қатысы болуы мүмкін деген еліміздегі мектептердің барлығы тексерілетіндігін ескертті. Бұл туралы ол Түркия басшысымен бірге өткізген баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп мәлімдейді ТАСС.

"Қазақстандағы барлық мектептер мемлекеттің бақылауында. Ондағы мұғалімдердің 90 пайызы – еліміздің азаматтары, ал қаржыландыру аймақтақ бюджеттер есебінен жүргізіліп жатыр. Сондықтан, біз Түркияға қарсы жұмыс жасайтындардың ешқайсысын қолдамаймыз. Біз барлық мектептерді тексеру үшін екі елдің білім министрліктерінің мамандарынан жұмыс топтарын құрамыз", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша,  "егер Түркиядан келген мұғалімдердің Гюленмен қарым-қатынастары бар екендігі анықталса, бұл адамдар кері қайтарылып, олардың орындарына басқа ұстаздар шақырылады». "Бұл мектептерді біз Тұрғыт Озалдың (Түркияның 1989-1993 ж.ж. президенті) басшылығы кезінде ашқан болатынбыз. Егер онда Түркияның қарсыластары болса, біз шара қолданып, мәселені заң бұзушылыққа жол бермей шешеміз. Біз Түркияның осы тұрғыдағы барлық сұранымдарына жауап береміз", - деді ол.

Алайда, Назарбаев бұл мектептердің «өте жоғары деңгейде білім беріп, бірнеше мың түлегінің халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанғандығын»  атап өтті.

Өз кезегінде, Ердоған Қазақстанда «Гюлен фетхуллахистерінің лаңкестік ұйымына»(«ГФЛҰ») қатысы бар 33 мектептің істейтінін айтады. "Біз бұл мектептер тізімін бердік. Бұл ұйым бізге қарсы қастық әрекет жасауға барды. Бүгін – бізге қарсы болса, ертең – басқа елге қарсы шағады»,- деді ол.

Анкара «ГФЛҰ» -дың 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне жауапты екендігін мәлімдеп, АҚШ-тан 1999 жылдан бастап Пенсильвания штатында тұратын Гюленді экстрадициялауды талап етіп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!