2016 жылдың басынан Қазақстанда 124 бала суға кеткен

Фотография - 2016 жылдың басынан Қазақстанда 124 бала суға кеткен

иллюстрациялық фото

2016 жылдың жеті айында елімізде 303 адам суға батқан

343 0

2016 жылдың жеті айында елімізде 303 адам суға батқан. Олардың 124 – балалар, деп ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, мәлімдейді Today.kz. Шілде айында 106 адам, оның 42 – бала, суға кеткен.

"Адамдардың суға кету оқиғалары суға түсуге жағдай жасалмаған жерлерде орын алады, ал балалармен болған қайғылы оқиғалардың дені ересектердің қарауынсыз қалған жағдайларда болады. Сонымен қатар, су айдындарында орын алған 55 өлім балық аулау кезінде қауіпсіздік сақтау ережелерін сақтамай, жеке құтқару жабдықтарын қолданбағанда болған»,- деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Құтқарушылар суда орын алатын оқиғалардың басым бөлігінің адамның өз-өзіне асыра сенгендіктері мен жүзе алмау себептерінен туындайтынын айтады. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалар өзен иірімдері, су асты ағыстары және балдырлардың кесірінен болып тұрады. Өзен-көлдердегі су түбінің жырымды кескіні, су астындағы жартастар мен бағаналар сүңгу кезінде аса қауіпті жағдайлар тудырады. 

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!