Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады

Фотография - Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады

Көрнекі фото

Көлік қозғалысы даңғылдың екі учаскесінде тоқтатылмақ.

262 0

Астанада Қабанбай батыр даңғылын жөндеуден өткізу аясында, Достық көшесі мен Халықаралық әуежай аралығындағы бірқатар көшелердегі қозғалыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Today.kz тілшісі, қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жөндей жұмыстары 15 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, Қабанбай батыр даңғылының Хусейн бен Талал даңғылымен, сондай-ақ, 31-ші және 24-ші көшелермен қиылысқан тұстарында жүргізілмек.

Фото -  

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Абылай хан даңғылының Жансүгіров көшесі мен Манас көшесінің аралығы толықтай жабылған. Бұл учаскедегі жөндеу жұмыстары 6-7 тамыз күндері өтті. Сонымен қатар, 6 тамыздан бастап Петров көшесінің Ахматова және Мұңайтпасов көшелері аралығындағы учаскесі жөндеуге байланысты жабылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!