Әйелі үшін жұмыстан кеткен полицейді Қасымов кешірмеді

Фотография - Әйелі үшін жұмыстан кеткен полицейді Қасымов кешірмеді

Фото: today.kz

ҚР ІІ министріне бұрынғы полицейдің әйелі жазған.

445 0

Алматы тұрғыны ҚР ІІ министрі Құлмұханбет Қасымовқа жазған хатында оның қызметтен босатылған күйеуінің жастықпен жасаған қателегін кешіруді сұраған, -деп хабарлайды Today.kz.

Әйел өзінің жолдауында өзінің қиын жағдайда қалғанын жеткізген. Күйеуінің жұмыссыз қалғаны үшін туыстары оны кінәлі санайды екен.

«Қайын енем баласының жұмыссыз қалғанына мені кінәлі деп санайтындықтан, менің ол үйден кетуіме тура келді. Қолымда қазір сегіз айлық сәби бар. Оны жұмыссыз, әрі жалғыз асырау мүмкін емес. Ал, балам болғандықтан, жұмысқа да шыға алмаймын. Күйеуімнің отбасы маған көмектеспейді. Мен күйеуімнен бірнеше рет Сізге хабарласуын өтінген едім. Алайда, ол мұндай мүмкіндікке сенбейді. Сондықтан, Сізге өзімнің шығуыма тура келді. Мен бұл іске Сізден басқа ешкімнің көмектесе алмайтынын анық білемін. Сізден көмек беруіңізді сұраймын. Менің ұлымның толық отбасында, әрі өзімнің ертеңгі күнім не болады деп ойламай ұйықтауым үшін  Сізден оны қайта жұмысқа алуыңызды өтінемін. Бұл жастық қателік», - делінген Әйгерім Жауынбаеваның ҚР ІІМ жазған жолдауында.  

Ол күйеуінің ешқандай криминалдық қателік жасамағанын, тек жұмысқа келмей қалғандықтан қызметтен босатылғанын айтады.

"Иә, мен келісемін, ол жауапсыздық танытты. Бірақ, Сіз де жас болдыңыз ғой. Сіз де 22 жаста болдыңыз. Сіз де ғашық болдыңыз. Ол мені жоғалтып аламын деп қорыққандықтан, бәрін тастап менің артымнан басқа қалаға кетіп қалған. Ал, маған демалыста екенін айтты. Нәтижесінде жұмыссыз қалды. Сол уақытта ол үшін махаббат бірінші кезекте болды. Ал, бүгін осы қылығы үшін өкінеді. Мен түсінемін, махаббат өз алдына, жұмыс өз алдына болуы тиіс. Бірақ, біз бәріміз ет пен жүректен жаралған адамбыз ғой. Сондықтан, менің күйеуіме бір рет оның осы қызметке, Отан алдындаа борышын өткеруге лайық екенін дәлелдеуге мүмкіндік беруіңізді өтінемін. Біздің отбасымыз ажырасу алдында тұр. Біздің жастықпен жасаған қатемізді кешіріп, баламызды лайықты тәрбиелеуге мүмкіндік беріңізші», - дейді Жауынбаева.

ҚР ІІМ басшысы оның бұл жолдауына жауап берген. Онда жұмыстан босатылған полиция лейтенанты ұзақ уақыт бойы жұмысқа белгісіз себептер бойынша шықпай қойғаны және осы фактіге байланысты қызметтік тергеу жүргізілгені айтылған.

«Заңда көрсетілген талаптарды елеместен, Б.Е. Әсетов 15 тамыз бен 5 қыркүйекте және 12 қыркүйек пен 29 қазан аралығында басшылыққа ескерту жасамай, еш негізсіз жұмысқа келмеген.   Осы жайт бойыынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оны қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату туралы шешім қабылданған», - делінген министрдің жауабында.

Сонымен қатар, мұндай шешім алқа комиссиясы арқылы қабылданғандықтан, оны қайта қарауға еш негіз жоқ делінген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!