Қыркүйектің 10, 11, 12 күндері Құрбан айт

Фотография - Қыркүйектің 10, 11, 12 күндері Құрбан айт

Фото: ©Арман Мұқатов

Биыл Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар үш демалады.

1202 0

Қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл қыркүйектің 10-12 аралығында өтеді,-деп хабарлайды Today.kz. 2016 жылы айттың соңғы күні (12 қыркүйек) дүйсенбіге түсіп отыр, сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалынады, мал сойыылады. Оған жылқыдан басқа, төрт түліктің бірі (қой, ешкі, сиыр және түйе) жаратылады. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.

Естеріңізде болса, бұрындары Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді. Алайда, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы 30-желтоқсанда "Еңбек туралы" заңға өзгеріс енгізіп, Құрбан айттың бірінші күнін демалыс деп жариялады. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке күні  демалыс күндерімен тұспа-тұс келсе, демалыс тағы бір күнге созылады.  


Тегтер:

Құрбан айт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!