Қазақстанда екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді

Фотография - Қазақстанда екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді

Фото: today.kz

ҚР БҒМ педагогтардың жалақысын есептеудің жаңа жолын қарастырып жатыр

1105 0

Қазақстанда екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көп болуы мүмкін. ҚР білім және ғылым министрлігі орта мектеп ұстаздарының жалақысын есептеудің жаңа жолын қарастырып жатыр, - деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанадағы №70 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылына арналған салтанатты шарадан кейін, - деп хабарлайды Today.kz.

«Осы жылы біз  мұғалімдердің біліктілігі мен жалақысы өзгеруіне байланысты жаңа ереже енгіземіз. Биылдан бастап екі тілде сабақ беретін педагогтардың жалақысын өсіруді жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Елдің бас педагогы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.  Ол бірінші сыныпқа арналған біріңғай оқулықтар дайын екенін және олардың елдің барлық аймағына жеткізілгенін атап өтті.

«Мен барлығыңызды құттықтаймын. Біздің балалар дарынды, еңбекқор, әдемі. Барлығының жақсы оқуына тілектеспін. Биылдан бастап бірінші сыныптың барлық 370 мың оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Оқулықтары дайын. Соңғы аймаққа үш күн бұрын барлық оқулықты жеткізіп болдық. Оқушы саны 370 мың, ал біз 385 мың оқулық басып шығардық. Әкімшіліктер оқулықтарды мектепге таратты. Кей жерлерге оқулық жетіспей қалды деген ақпарат алған жоқпыз. Егер жетпейтін болса, біз тексеретін боламыз. Оқулықпен толық қамтуға шамамыз жетеді. Бірінші сыныптарға барлық пән бойынша жаңа оқулық болады. Келесі жылы екінші, бесінші, жетінші сыныптар жаңа оқулыққа ауысады. Төрт жылдың ішінде барлық сыныптар жаңа бағдарлама бойынша дайындалған оқулықтармен оқытылады. Мұны барлығы біледі, мұғалімдер дайын», - деді Сағадиев.  

Салтанатты жиыннан кейін министр тілек кітабына ағылшын тілінде жазба қалдырды.

Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде Білім күні тойланып жатыр. ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бірінші сыныпқа 381 мың бала барды.

Бас-аяғы мектеп қабырғасында 2,8 миллионнан аса оқушы бар. Жалпы жаңа 92 мектеп салынды, оның 60 тапсырылып болды, қалған 32 мектеп осы жылдың соңына дейін берілмек. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!