Бас мүфти қазақстандықтарды мұқтаж адамдарға көмектесуге шақырды

Фотография - Бас мүфти қазақстандықтарды мұқтаж адамдарға көмектесуге шақырды

Фото: old.muftyat.kz

ҚМДБ Құрбан айт кезінде материалдық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құрбандық шалуға міндетті еместігі туралы мәлімдеді.

359 0

 Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы отандастарын келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, мұқтаж адамдарға көмектесуге шақырды. Ерлан қажы Малғажыұлы Құрбан айттың "берекеге бастаған бұл мереке бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге» үндейтінін айтты, - деп хабарлайды Today.kz

ҚМДБ сайтында жарияланған үндеуде Қазақстанның бас мүфтиі жерлестерінің отбасыларына амандық, мықты денсаулық, жұмыстарының берекелі болу тілегін жеткізді.    Құттықтау сөзінде, сондай-ақ, «қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу – міндет емес» делінген.

«Барша жамағатты, еліміздің жанашыр азаматтарын мүбәрак мейрамның құрметі үшін мүгедектерге, жетімдер мен жесірлерге, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасауға шақырамын.»,- деген сөздер келтіріледі үндеуде.

Құрбан айт – Ұлы Алланың разылығы үшін құрбандық шалынатын күн. Мейрам таң атысымен тойлана бастайды. Әрбір мұсылманның үйінде мерекелік дастарқан жайылады.  Дәстүр бойынша, бұл күні қонақ күтіп, туған-туыстары мен көрші-таныстарының үйлерін аралайды.  Құрбан айт күндері жолдастары мен  туыстарына сый таратады.

Мерекелік намаздан кейін дәулетті мұсылмандар құрбандық шалады. Тәртіп бойынша, құрбандыққа жеті айлық тоқты, екі жасар сиыр, немесе бесжылдық түйе шалынады. Құрбандыққа шалынар малдың ірі, семіз, сонымен қатар, етінің мөлшері мен сапасына әсер ететін ақаусыз болғаны абзал.

Құрбандыққа шалынған малдың үштен бір бөлігі отбасына, екінші бөлігі көршілер, немесе туыстарға, қалған бөлігі мұқтаж адамдарға беріледі. Естеріңізге саламыз, 2016 жылғы Құрбан айт 12 қыркүйекке сәйкес келіп отыр. Биыл елімізде құрбандық шалуға арналған 318 арнайы орын бөлініп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!