Оңтүстік Корея "Пхеньян мен КХДР басшылығын карта бетінен өшіріп тастай алады"

Фотография - Оңтүстік Корея "Пхеньян мен КХДР басшылығын карта бетінен өшіріп тастай алады"

Пхеньян. Көрнекі фото

Сеулде КХДР аумағына алдын ала соққы жасау және Пхеньянды жою жоспары әзірленді.

449 0

Оңтүстік Корея әскерилері КХДР басшысы Ким Чен Ын мен осы елдің әскери басшылығына алдын ала соққы жасау тұжырымдамасын әзірледі. Ол ядролық қаруды қолдануға дайындық жасау әрекеттері әшкереленген  немесе Солтүстік пен Оңтүстік арасында соғыс басталған жағдайда жүзеге асырылады,-деп хабарлайды Today.kz Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

 Оңтүстік Корея әскерилерінің ішіндегі ақпарат көзі, бұл жоспар бойынша Солтүстік Корея астанасын қарқынды бомбалау жолымен жою қарастырылғаны туралы айтты.

 "Пхеньянның әр ауданы, әсіресе, біздің деректер бойынша, Солтүстік Корея басшылығы жасырынған орындар баллистикалық ракеталар мен жарқыншақты-фугастық снарядтармен жойылмақ. Бұл Солтүстіктің ядролық қаруды қолдану нышандары белгілі болған жағдайда жасалады. Басқа сөзбен айтқанда, Солтүстік Кореяның бас қаласы күлге айналып, карта бетінен жойылады",- деді ақпарат көзі.

 Әскери бұл сценарий бойынша, 500 и 1000 километр қашықтыққа ұшатын сәйкесінше 300 км. (Hyunmoo 2AS), 500 км. (Hyunmoo2BS) және 1000 километр (Hyunmoo 3s) қашықтыққа ұшатын баллистикалық ракеталарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

 9 қыркүйекте, КХДР құрылуына 68 жыл толған күні, Солтүстік Кореяның әскери күштері кезекті ядролық жарылыс жасады.  Оның мақсаты – стандартталған ядролық оқтықтың қолдану параметрлерін анықтау. Пхеньянның оқтықтың бұл түрін стратегиялық баллистикалық ракеталарға орнатпақ жоспарлары бар.

 Бұл сынақтарды Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония тарапы қатал айыптады.  Қазақстан да Солтүстік Кореяның мұндай әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы екендігін танытты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!