Жамағат құрбан айт мерекесін тойлап жатыр

Фотография - Жамағат құрбан айт мерекесін тойлап жатыр

Фото: ©Арман Мұқатов

Барлық мешітте айт намазы оқылып, арнайы ұйымдастырылған орындарда құрбандық шалынып жатыр.

286 0

 Қазақстан мұсылмандары Құрбан айт мерекесін тойлауды бастап кетті, - деп хабарлайды Today.kz. 2016 жылы мұсылман мерекесі 12 мен 15 қыркүйек аралығында тойланады. Жамағат мешіттерге таң атысымен жиналды.

Құрбан айт намазына жамағат 7:30 жығылды. Намаз біткеннен кейін жаппай құрбан шалу рәсімі басталды.  Естеріңізге салайық, бұл күні жасқа толған қой, екі жасқа толған сиыр, бес жасқа толған түйені шалуға болады.

Астанада құрбандық шалуға ниет білдіргендер «Нұр Астана» мешітінен «Алтын таға» базарына дейін арнайы бөлінген автобустармен жете алады. Қоғамдық көлік сағат екіге дейін әр сағат сайын жүріп тұрады. 

Естеріңізге салайық, Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал шалатын арнайы жерлер белгіленді. Мал союдың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау мақсатында Алаш тасжолындағы «Нұр береке-555» ЖШС, София тасжолындағы 10-ыншы километрде орналасқан «Айсу» ЖШС, Астана–Софиевка бағытындағы жетінші километрдегі "Темеш" ШҚ, Алаш тасжолындағы 33-інші километрдегі "Агро Өнім Астана компаниясы" ЖШС, "Жайлау" ЖШС, Теміржол ауылындағы Ажар 20 мекен-жайындағы «Мақсат 2007» ЖШС, София тасжолындағы 10-ыншы шақырымда орналасқан "Шаушен" ЖШС  мекемелерінің аумағында құрбан айт рәсімі жүргізіледі. Таяуда тарап кеткен сібір жарасын ескере отырып, Астана әкімшілігі мал таңдау мәселесіне сақтықпен қарауды ескертеді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын тірі малды сатып алу кезінде сақтық танытуды сұраймыз. Малдарды тек осы көрсетілген жерлерден сатып алыңыздар. Әрі сатушыдан вакцина жасалғаны туралы әрі он бес күнге жарамды ветеринарлық анықтама талап етіңіздер»,-деп хабарлайды әкімшіліктегілер.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!