«Қызыл кітапқа» енген дала қыраны енді ұша алмайды

Фотография - «Қызыл кітапқа» енген дала қыраны енді ұша алмайды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Қанаты зақымданған құсты қазақстандық мамандар емдей алмайды, ал Ресейге шығаруға заң тыйым салған.

230 0

Қазақстандық мал дәрігерлер қанаты сынған дала қыранына көмек көрсете алмайды. «Қызыл кітапқа» енген құсты Қазақстаннан  Ресейге апарып емдеуге заң талаптары тосқауыл болып отыр, - деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

 Сирек кездесетін құстың жағдайы жөнінде Қарағанды хайуанаттар паркінің орнитолог маманы Зәуреш Шәрімбаева мәлімдеді.

 "Өкінішімізге орай, отандық ветеринарлар қызыл кітапқа енген құстың қанатын орнына қоя алмайды. Ресейде ондай мүмкіндік бар, бірақ құсты шекарадан шығару әрекетіміз контрабанда саналуы мүмкін. Заңда мұндай құс-жануарларды ота жасау немесе емдеу мақсатымен шетелдерге шығаруға рұқсат беру қарастырылмаған. Біз бұл жағдайда шарасызбыз", - деді Зәуреш Шәрімбаева.

 Маманның айтуынша, бұл қыран енді ешқашан ұша алмайды. Жарымжан құс Қарағанды хайуанаттар паркінде қалдырылады. Осындай жағдайға душар болған осындай сирек жануарлардың да тағдыры осындай болмақ.

 Естеріңізге саламыз, қанаты зақымдалып, далада жатқан қыранды Теміртау тұрғындары тауып, зоопаркке тапсырған. Сынған қанат теріс бітіп үлгерген. Табылған дала қыраны – жоғалып бара жатқандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген қаршыға тұқымдас құстарға жатқызылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!