Кәмелетке толмаған қылмыскерлер полицейлердің қорлық жасағаны туралы айтты

Фотография - Кәмелетке толмаған қылмыскерлер полицейлердің қорлық жасағаны туралы айтты

Көрнекі фото

Қазақстанның жабық типті мекемелерінде балалардың күтімі бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері белгілі болды.

382 0

Астанада өткізілген «Орталық Азиядағы жабық мекемелерде балаларға жәбір көрсетудің жойылуын үдету» атты халықаралық симпозиум барысында еліміздің жабық типті мекемелеріндегі балалардың күтімі бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

 

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, заңға қайшы әрекет жасаған балалардың 17 пайызы полиция қызметкерлері тарапынан көрсетілген қатыгездік фактілері туралы мәлімдеген. Сұралған балалардың 10 пайызы полицейлердің тіл тигізіп қорлағанын, ал 9 бала құқық қорғаушылардың ауыр зорлыққа барғаны жөнінде мәлімдеген.     

 

"Оларға қатысты жасалған зорлық табиғаты жөнінде әңгімелеп беруді өтініш білдірген 17 баланың ішінде ауыр жәбір көрген төртеуі бұл тақырыпты қозғаудан үзілді-кесілді бас тартқан. Қалған балалар олардың бастарынан, денелері мен аяқтарынан соққы жасалғаны туралы айтты. Бір бала: «Маған ұзақ уақыт ойы тамақ берілмей, физикалық және моральдық қысым жасалды»,- деді. Тағы бір бала жалған түсініктеме беріп, біреудің жасаған қылмысын өз мойнына алған. Енді бір баланың айтуынша, оны «газтұтқышты киюге мәжбүрлеп, бүйрек пен кеуде тұсынан ұрған», - делінген зерттеу бойынша жазылған есепте.

 

Сонымен қатар, сұрастырылғандардың арасында әрбір үшінші бала уақытша ұстау изоляторларында ересек адамдармен бірге отырғызылғанын, ал жастары 18-ден асқан жас жігіттер кәмелетке толмаған балалармен бірге ұсталғандығы туралы баяндаған.  

 

Зерттеу жұмыстарын 2015 жылы «Кредо» қоғамдық бірлестік мамандары ҚР омбудсмені аппаратымен бірлесіп жүргізген. Сұрастыру  10 мекемеде жүргізілген. Бұл тізімге екі колония – ЛА-155/13 (бес қыз бала),  ЛА-155/6 (88 ұл бала), сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылу жасына жетпеген балалар оқитын арнайы мектеп (20 тәрбиеленуші), кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (24 бала) және 6 арнайы мектептің тәрбиеленушілері қатысты. Зерттеуге қатысуға 241 бала келісті.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!