Павлодар облысында полицейлер оннан астам ауыл тұрғынын соққыға жыққан

Фотография - Павлодар облысында полицейлер оннан астам ауыл тұрғынын соққыға жыққан

Фото: youtube/@Khabar News

«Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

730 0

Павлодар облысының Ертіс ауданына қарасты Қызылқақ ауылында ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Оннан астам ауыл тұрғыны оларды ұйымдасқан қылмысқа пен күрес басқармасы (УБОП) мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлерінің соққыға жыққандығы туралы айтып отыр, - деп хабарлайды  Today.kz "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.  Жәбірленгендердің арасында – 41 жасар жылқышы Ербол Қабылбеков. Оның айтуынша, форма киген адамдар ер адамдардың бәрін, таңдамай ұрған. Нәтижесінде миы шайқалып, қабырғасы сынған Ербол ауруханадан бірақ шықты.

 "Мен айт мерекесін тойлауға шақырған үйге таяй бергенде, беттеріне маска киіп, автомат асынған адамдар жоқтан пайда болды. Мені аяқпен тебе бастағанда, мен басымды қолыммен қалқалай жаптым. Ештеңе жасаған жоқпын. Бұл нағыз заңсыздық!" – деді Е. Қабылбеков.

 Ауруханаға тағы төрт адам дәрігерлік көмек сұрап барған. Олардың арасында 15 жасар мектеп оқушысы да бар. Темірлан Ахметовты қараған дәрігерлер кеудесінің соғылғанын және миының шайқалғанын анықтаған. Мен мектептен келе жатып, олардың әкемді соғып жатқандарын көрдім. Олардан «Не істеп жатырсыңдар?!» деп сұрадым. Олар мені кеудемнен ұрып құлатып, тепкілеп тастады»,- дейді жасөспірім.

 Ертіс аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Зинаида Раздорскаяның атуынша, жәбірленушілердің бірінің сегізінші қабырғасының сынып, өкпе қабығының зақымданғаны, тері астындағы эмфиземасы анықталып, ауруханаға жатқызылды.   

 Жәбірленген адамдар тізімінде 11 адам аталған. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 362 «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Облыстық ІІБ-да хабарлағандай, ұйымдасқан қылмысқа пен күрес басқармасы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері таяу жерде орналасқан тұзды көлде Артемия салина атты шаян түрін заңсыз аулайтын белгісіздерден қорғауға жіберілген.  ІІБ өкілдері оқиғаны өздерінше бағалап отыр – жергілікті тұрғындар заң өкілдерін жақтыртпай қарсы алған-мыс, ал жәбірленген себептері – қарсылық көрсетіп, қашуға тырысқандықтарынан.

 "Қызметкерлер «Құқық қорғау қызметі туралы» заң талаптары аясынан шыққан жоқ. Онда физикалық ықпал ету қандай жағдайларда және қандай шамада қолданылатындығы анық жазылған. Бұл ретте самбо күресінің әдістері қоланған", - деп, түсініктеме берді Павлодар облыстық ІІБ ұйымдасқан қылмысқа пен күрес басқармасының бастығы Нариман Алиев.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!