Есік қаласындағы зорлық бойынша биосараптамасының қорытындылары белгілі болды

Фотография - Есік қаласындағы зорлық бойынша биосараптамасының қорытындылары белгілі болды

Фото: today.kz

Жәбірленушінің қорғаушысының айтуынша, таяуда молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижелері дайын болады.

561 0

Есік қаласында орын алған зорлық бойынша биосараптамасының қорытындылары белгілі болды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Жібек Мүсінованың қорғаушысы Айман Омарова мәлімдеді.

 "Қазір Жібектің түрлі дене зақымдарын алғанын растайтын сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бар.  Енді оның өз-өзіне ондай зақым келтіре алмайтындығы баршаға аян болады. Зорлау кезінде оны соққыға жыққан. Биологиялық сараптаманың тұжырымы бойынша, сотталушылар жәбірленушімен жыныстық қатынаста болғаны жоққа шығарылмайды", - деді Айман Омарова.

 Адвокаттың айтуы бойынша, таяуда молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижелері дайын болмақ.

 Естеріңізге саламыз, 19 тамыз күні Facebook әлеуметтік желісінде Гүлбадар Мүсінова өзінің қызы Жібектің 14 тамызға қараған түні 4 ер адамның зорлығына душар болғаны туралы баяндаған бейнежазбасын жариялаған. Сонымен қатар Г. Мүсінова полиция қызметкерлерінің бұл істі жылы жауып қойғылары келетінін айтқан.

 23 тамыз күні күдікті азаматтың үшеуі құрықталып, 25 тамызда төртіншісі ұсталды.  Олардың бәріне ҚР Қылмыстық кодексінің «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», «Адамды ұрлау», «Бұзақылық» баптары бойынша айыптар тағылып отыр. Алматы облыстық ІІД зорлаушылардың бірінің құқық қорғау органдарына қатысы бар деген қауесет сөздерді теріске шығарғанын атап өту қажет.

 24 тамыз күні облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік қызметінде Есік полициясы қызметкерлерінің немқұрайлылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастады.  Оның нәтижесінде полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

 Қорғаушы Жангелді Сүлейменов полиция қызметкерлерінің үстінен немқұрайлылыққа қатысты іс қозғаудың уақыты келмегендігін, олар сөгіс алып, қызметтен шығарылуы мүмкін екенін айтқан болатын.  Кейінірек өз міндеттеріне салғырттық танытқан Есік полициясы қызметкерлерінің  тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны анықталды.

 15 қыркүйек күні зорланған Жібек Мүсінованың мүдделерін Айман Омарова қорғайтындығы белгілі болды. Әйгілі заңгер істің мән-жайымен үлгергенінше танысып шыққаннан кейін-ақ бұған дейін іске қатысты тергеу амалдарын жүргізген полиция қызметкерлерінің өз жұмысын істемегенін мәлімдеген. Сондықтан адвокат полицейлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға ниетті екендігін жеткізді.

 "Не молчи" әйелдерді сексуалдық зорлыққа жығуға қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысының басшысы Дина Смайылова жоба аясында Жібек Мүсіноваға көмек көрсету үшін жұртшылықтан қаражат жиналатын банк есеп-шоты және киви-әмияны ашылатындығы туралы мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!