Астана қылмыстық полициясы басшысының орынбасары Сүлейменов екі айға тұтқындалды

Фотография - Астана қылмыстық полициясы басшысының орынбасары Сүлейменов екі айға тұтқындалды

Көрнекі фото

Қалалық сотта хабарланғандай, бұл шараны қолдану себебі күдіктіге тағылып отырған айыптың ауырлығында.

570 0

Астана ІІД қылмыстық полициясы басшысының орынбасары Сүлейменов екі айға тұтқындалды, деп хабарлайды Today.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Есіл ауданнының №2 соты ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобының жетекшісі, арнайы прокурорының Сәкен Сүлейменовты тұтқынға алу жөніндегі санкция беру жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.  Жауапкершіліктен бұлтартпау шарасын екі айға, 2016 жылдың 7 қарашасына дейін созу белгіленіп отыр», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Қалалық сотта хабарланғандай, осы бұлтартпау шарасын қолдану себебі – Астана қылмыстық полициясы басшысының орынбасарына тағылып отырған айыптың ауырлығында. Сообщается, что основанием для избрания данной меры пресечения явилась тяжесть инкриминируемого преступления, вмененного замначальнику криминальной полиции Астаны.

 «Сотқа дейінгі тергеу органы Сәкен Сүлейменовке ҚР ҚК 2 бөліміндегі 146 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа барғанына күдікті», - деген анықтама берілген.

 Естеріңізге саламыз, астаналық ІІД-нің жоғары лауазымды қызметкерінің тұтқындалғаны туралы 8 қыркүйекте белгілі болды. Бұл туралы әлеуетті құрылымдарда қызмет жасайтын екі ақпарат көзі хабарлаған. Қылмыстық полицияның өзінде бұл жаңалықтың жабық ақпаратқа жатқызылатындығын желеу етіп, сұхбат, немесе анықтама беруден бас тартты. 9 қыркүйек күні қалалық прокуратура Сүлейменовтың тұтқындылғанын растап, соттың оны 10 күнгі мерзімге тұтқындауға санкция бергенін мәлімдеді.

 Сәкен Сүлейменов бұған дейін Астана қаласының Сарыарқа аудандық ІІБ басшысының орынбасары қызметін атқарып, кезектен тыс подполковник шенін алған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!