Қарағанды салықшылары Геннадий Головкиннің ағасын сотқа берді

Фотография - Қарағанды салықшылары Геннадий Головкиннің ағасын сотқа берді

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Сот Максим Головкиннің көлік салығы бойынша қарызын өтеу туралы шешім шығарды.

660 0

Геннадий Головкиннің туған ағасы Максим Головкинге қарсы Қарағанды облыстық мемлекеттік табыс департаменті сотқа арыз жазды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Қарағанды №2 аудандық сотының канцеляриясындағылар хабарлады.

«Судья Қорлан Оралбекова Максим Головкинның көлік салығы бойынша қарызын өтеу туралы шешім шығарды. Соңғы екі жылда ол салық төлемеген. 21 мың 338 теңге 320 тиын көлеміндегі мемлекеттік баж туралы арыз қанағаттандырылды. Айыпталушыға шақырту жіберілгенмен, сотқа келген жоқ»,- деді канцеляриядағылар.

Енді ол бір айдың ішінде қарызын өтеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда оның есеп-шоттары тұтқындалады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!