Баланың тууына қатысты құжаттарды енді перзентханада рәсімдеуге болады

Фотография - Баланың тууына қатысты құжаттарды енді перзентханада рәсімдеуге болады

Көрнекі сурет

Дайын құжатты енді ата-аналар құжатты, ХҚО тапсырған күнді есепке алмағанда, екі күннің ішінде ала алады.

480 0

Бала тууына қаатыысты куәлікті енді Қазақстанның барлық перзентханаларында рәсімдеуге болады,- деп хабарлайды Today.kz, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жаңа жоба аясында баланы тіркеу, бала тууына және оны күтуге байланысты әлеуметтік төлемақысын, жүктілік пен туу кезінде жұмыс істей алмауына қатысты төлемақысын алуға, сонымен қатар бала-бақшаға кезекке қоюға қатысты құжаттарды тапсыруға болады.

«Естеріңізге саламын, 2016 жылы наурызда әділет министрлігі бала тууға қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгеріс енгізді. Соған сай, азаматтар баланы тіркеу туралы өтінішті үш жұмыс күнінде жазуы тиіс. Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін біз баланы тіркеу және оған қатысты өзге де қызметтерді перзентханада көрсетуді ұйғардық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақытын үнемдейді», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқармасы төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің сөзіне жүгінсек, «баланы тіркеу, оның ішінде АХАЖ-на өзгерістер мен толықтырулар немесе түзетулер енгізу», «бала тууына және оны күтуге байланысты төлемақы», «жұмысқа қабілетін жоғалту; асыраушысын жоғалту, жүктілікке және босануға байланысты табыссыз қалу; жұмыссыз қалу; жаңа туған баланы асырап алуға байланыысты табыссыз қалу; бала бір жасқа толғанға дейін күту салдарынан табыссыз қалу» және «мектеп жасына дейінгі балаларды бала-бақша кезегіне қою» сияқты мемлекеттік қызметтерді перзентханада рәсімдеуге болады.

Дайын туу туралы куәлікті ата-аналар, ХҚКО тапсырған күнді есептемегенде, екі күннің ішінде ала алады. Ал, төлемақының тағайындалғаны туралы ақпарат оның мобильді телефонына SMS-хабарландыру арқылы түседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!