Қажылық кезінде біраз Қазақстан азаматтарының денсаулығы сыр берген – ҚМДБ

Фотография - Қажылық кезінде біраз Қазақстан азаматтарының денсаулығы сыр берген – ҚМДБ

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

25 адам қажетті медициналық ем қабылдаған

413 0

Меккедегі қажылық кезінде көптеген ҚР азаматтарының денсаулығы сыр берген, - деп хабарлайды Today.kz, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 22 қыркүйек күні қажылыққа аттанған соңғы топ елге оралды.

«Адам қайтыс болған жайттан аманбыз, бірақ көптеген қазақстандықтардың қан қысымы көтеріліп, қан-тамыр аурулары асқынды. Негізінен сырқаттанған қарт адамдар. Медициналық топ құрамына бір жедел жәрдем көлігі бөлінді. Анықталған кесте бойынша жұмыс істеген 14 дәрігер бізден барған 500 адамға көмек көрсетті. Қажылық миссиясының стационарлық ғимаратында 25 адам ем қабылдады», - деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметіндегілер.

Миссияның құрамында 55 адам жұмыс істеген. Коррдинаторлық-ұйымдастыру, бақылау-басқару, уағыз айту-ақпараттық және медициналық топтар миссия құрамында қызмет атқарды. Қажылық кезінде елуден астам имам түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге салайық, тамыздың 31 күні төрт жүзден астам адам Сауд Арабиясына аттанған еді. Қалалық әуежайда салтанатты шығарып салу рәсімі өткізілді. Осы жылдың 14 сәуірінде ҚМДБ мен Сауд Арабиясы Королдігінің қажылық министрлігі арасында қазақстандық қажылық миссиясына қатысу талаптарын өзгерту туралы келісім жасалған еді. Қажылық қызметтері сапасын арттыру және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында ҚМДБ турфирмалар арасында байқау жариялаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!