Түркістан психикалық-неврологиялық мекемесі тағы даудың ортасында

Фотография - Түркістан психикалық-неврологиялық мекемесі тағы даудың ортасында

Фото: nur.kz

Бір пациенттің анасы ауруханаға түскен баласының жағдайы нашарлап кеткенін айтып, арыз жазды.

585 0

Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Түркістандағы психикалық-неврологиялық мекемесіндегі жағдайды анықтау туралы тапсырма берді,-деп хабарлайды Today.kz, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комиссия құрамына ҚР ДСӘДМ әлеуметтік қызмет департаменті директоры – төрайым Ажар Төлеғалиева,   ҚР ДСӘДМ психиатрия ҒПО директорының орынбасары Николай Нигай және басқа сарапшылар кірді.

«Жұмыс тобы осы іс бойынша жағдайды және оқиғаның себебін анықтауы тиіс. Жұмыс аяқталғаннан кейін комиссия мүшелерінің жұмыс қорытындысы жарияланатын болады. Осы уақытта бас прокуратураға кешенді тексеру ұйымдастыру туралы ұсыныс дайындалды», - делінген хабарламада.

Осы біраз бұрын бір пациенттің анасы БАҚ құралдарына берген сұхбатында Түркістандағы психдипансерге түскен оның баласы мен өзге де пациенттер тиісті күтім алмай отырғанын айтқан еді. 20 жастағы бала ауруханаға 2015 жылы жатқызылған. Осы уақыт аралағында оның жағдайы нашарлап кеткен. Баланың анасы Ұлттық бюро мен прокуратураға арыз жазғанмен, әзірге ешқандай шешім қабылданбаған.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

 Естеріңізге салайық, бұл аталған мекеме айналасындағы алғашқы жанжал емес. 2015 жылдың қазан айында балалар үйінің тәрбиеленушісі Маржан Тұрлыбаева Today.kz редакциясынан көмек сұраған еді. Қызды асырап алған анасы оны әдейі психдиспансерге жатқызған. Әйел оны үнемі ұратынын, кейін оның психикалық дертке шалдыққанын мойындатқысы келгенін айтқан болатын. ОҚО прокуратурасы Маржан Тұрлыбаеваның айтқанын тексеруді ұйғарғантын. Психиатр-дәрігерлер, әлеуметтік мамандар, бақылаушылар мен мекеме басшылары қызды одан әрі емдеу қажет еместігін айтқан еді.  Сонымен қатар, оның бес жыл бойы диспансерде тіркеуде тұрғанын, жеңіл дәрежедегі шизофрения екенін мәлімдеген. Алайда, сәуірдің 11 күні психдиспансер басшылығы он сегіз жастағы Маржан Тұрлыбаеваның қабілетсіздігі туралы дәрігерлер шешімін жоққа шығару туралы сотқа арыз берді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!