Көлікте қалдырылған ноутбук үшін Әліби Жұмағұлов үстінен полицияға шағым түсті

Фотография - Көлікте қалдырылған ноутбук үшін Әліби Жұмағұлов үстінен полицияға шағым түсті

Фото: ©Арман Мұхатов

Астананың ішкі істер департаментінде оқиға бойынша түсініктеме берілді.

462 0

Астана ішкі істер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарында Әліби Жұмағұловтың алаяқтыққа қатысы болуы мүмкіндігі жөніндегі жарияланған ақпарат бойынша түсініктеме берілді, деп хабарлайды Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінде мәлімдегендей, Жұмағұлов үстінен Астана тұрғыны шағым түсірген.

 "Астана ІІД-не 2016 жылдың 28 қыркүйегінде А. азаматшасы тарапынан өзінің танысы Әліби Жұмағұловқа тиесілі автокөлікте қалдырылған ноутбугының қайтарылмай жатқындығы туралы шағым түсті. Шағым бойынша жүргізілген алғашқы тергеу амалдарынан кейін ноутбук иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты, «Есіл» аудандық прокуратурамен келісілгеннен кейін тоқтатылды», - деп мәлімдеді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

 Бұған дейін Today.kz Әліби Жұмағұловтың алаяқтыққа қатысы болуы мүмкіндігі жөнінде хабарлаған болатын. Шағым түскеннен кейін сотқа дейінгі тексеру жүргізілгені жөніндегі ақпарат Астананың аудандық құқық қорғау органдарының бірінде расталған болатын. Болжал бойынша, шағымданушы – бойжеткен қыз. Ақпарат көзінің айтуынша, Әліби Жұмағұлов аудандық ІІБ-на 6 қазан күні жеткізілді.

 Әліби Жұмағұлов 2015 жылдың сәуір айында орын алған қылмыстық оқиғаға қатысушылардың бірі. Оны астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиев асқан қаталдықпен соққыға жыққан. Оқиға жөніндегі мәліметтерді әлеуметтік желілер арқылы зардап шеккен жас жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов жария етті. Бұл оқиға қоғам назарынан тыс қалмады. Әліби Жұмағұлов пен Қайрат Жамалиевтің арасындағы жанжал Айнұр Исина атты әйелге қатысты туындағандығы туралы жәбірленген жігіттің әкесі мәлімдеді.

Қайрат Жамалиев 13 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлігі тәркіленген соң, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге жөнелтілді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің «Еріктен заңсыз айыру», «Бопсалаушылық», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша кінәлі деп табылды. Барлық жаңалықтарды осында оқыңыз.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!